ТҮЛЕК - 2023 » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7283) 33-13-44
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
22
июнь
2023

ТҮЛЕК - 2023

«ТҮЛЕК 2023 - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ» АТТЫ АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ РӘСІМІ ӨТТІ
22.06.2023 күні Достық орта мектебінің мектеп бітіруші түлектер үшін "Түлек 2023 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты аттестат тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты жиында мектеп басшысы Куатова Г.Р алтын ұя мектебі қабырғасынан үлкен өмірге қанаттанғалы отырған 40 түлекке жалпы білім беру туралы аттестаттарын табыстады. Достық станциясының бас инженері Х.Б.Байжигитов, сынып жетекшілері мен ата-аналары мектептен алған білім мен тәлімді ұштап, қалаған мамандықтарына қол жеткізіп, ел дамуына өз үлестерін қосуларына сенім білдірді. Түлектеріміз 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарына жүрекжарды лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты. Мектебімізді бітіруші түлектерге жаңа өмірлеріне ақ жол, сәт сапар тілей отыра, алдағы өмір сынақтарынан сүрінбей өтуге тілектестік білдіреміз!