16 – маусым «Жас түлек-2022 Қазақстанның ертеңі» аттестат тапсыру іс-шарасы. » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7283) 33-13-44
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 16 – маусым «Жас түлек-2022 Қазақстанның ертеңі» аттестат тапсыру іс-шарасы.
16
июнь
2022

16 – маусым «Жас түлек-2022 Қазақстанның ертеңі» аттестат тапсыру іс-шарасы.

16 – маусым «Жас түлек-2022 Қазақстанның ертеңі» аттестат тапсыру  іс-шарасының өтілуі туралы 

АҚПАРАТЫ


           Достық  орта  мектебінде 2022 жылдың 16 маусым күні сағат 10.00 – 12.00 ге дейін «Жас түлек-2022 Қазақстанның ертеңі» аттестат тапсыру бұйрығы 16.06.2022 жылғы № 350 бұйрығы негізінде ала отырып, мектеп бойынша бұйрық шығарылып, жоспар бойынша іс-шара жоспарланып ұйымдастырылды. 

           2022 жылдың 16 маусымында салтанатты жиыны мен  мектеп бітіруші түлектердің жалпы орта білім беру аттестаты тапсырылды. Салтанатты жиынға мектеп директоры А.Т.Садиева, КТЖ –Жүк тасымалы ЖШС –нің ЖТ-Алматы бөлімшесі филиалының Достық станциясы басшысының м.а Мамбеткулов Мақсат Әділханұлы, бастауыш және жоғары   сынып жетекшілері: Абдельдинова А.К., Санкаева Н.А құттықтау лебіздерін білдірді.

Салтанатты жиын басталмас бұрын, І. Мотивация беру мақсатында түлектермен жұмыс жүргізу (3D форматында «Өмір- өзен» тақырыбында арнайы салынған көлдің бетіне өздерінің қайықтарына армандарын жазып, алдағы 5 жылдан кейін қандай мамандық иесі болатынын ойларын еркін жеткізіп, жабыстырып өтті). ІІ. Ата-аналар мен оқушыларды байланыстыра жұмыс жүргізу: Алтын кілтті ата-ана баласына табыстау барысында баласына сенімділік ұялату мақсатында түлектерін айтып, оқушыларымызға алтын кілтті табыстады. Одан кейін бірден салтанатты жиын басталып, түлектерді қошеметпен шақырып, аттестаттарын алды. Түлектер өздерінің  лит монтаж,өлең шұмақтары арқылы мектеп ұстаздарына тілектерін білдірді. 

Мектеп бітіру кешіне шақырылған қонақтар , ата-аналар. ұстаздар, жас түлектер қатысты. Салтанатты жиында  «Алтын белгіге» бітірген 2 оқушы 11 сынып түлектері Жұмаділова А, Қозыханова А кеуделеріне алтын белгілерін тағып, аттестаттарын алып, ата-аналары аудан әкімі А.Абдиновтың «Алғыс хатымен» марапатталды. Мектеп бітіру жиынында  тәртіп бұзушылық болған жоқ. Ұстаздар мен ата-ана тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды, Түнгі рейд жүргізілді. Оқушыларымыз ауыл дүкендерімен, көңіл көтеретін кештерге барған жоқ.Тәртіп бұзушылық болған жоқ. Оқушылар ата-аналарына тапсырылды. Ата-аналардан балаларына байланысты қолхат алынды.