“Дарынды балаларға-талантты ұстаз” педагогикалық олимпиадасы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 2023 жылдың 19 қазан күні жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында “Дарынды балаларға-талантты ұстаз” педагогикалық олимпиадасы өткізілді. Нәтижесінде әріптесіміз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ержанқызы Әйгерім 1-орынды иеленіп, Облыстық байқауға жолдамаға ие болды! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!