СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫРЫ » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7283) 33-13-44
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫРЫ
01
июнь
2023

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫРЫ


2023 жылдың 1 маусым күні Соңғы қоңырау салтанаты 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында ұйымдастырылды.
Бүгінгі салтанатты жиынның құрметті қонақтары: Достық ауылдық округінің әкімі– Ринат Маликұлы Ринат Курмаев Мәлікұлы, Достық станциясының басшысы – Мақсат Әділханұлы Мамбеткулов,мектеп түлектері мен ата-ана

лар қатынасты.
Қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тіледі.
«Бүгінгі күн - барлық қазақстандық балалар үшін айтулы мереке әрі кеше ғана білім ұясының табалдырығын аттаған оқушылардың алтын ұясымен қоштасар қимас сәті.
Біз әлемнің көшіне ілесе алатын, озық ойлы, білімдар жастар ретінде Сіздердің келешектеріңізден зор үміт күтеміз. Алдағы өмір жолдарыңызға жарқын белестер, мол жетістіктер тілеймін!», -деді Достық ауылдық әкімі.
Он бір жыл мектеп қабырғасында білім алған жас түлектер де аяулы ұстаздарына жүрекжарды лебіздерін білдірді. Өздеріне сапалы білім мен саналы тәрбиені қатар берген мұғалімдерге құрмет көрсетіп, «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» алтын ұя мектебімен қимай қоштасты.