"Мектепке жол" акциясы » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
август
2022

"Мектепке жол" акциясы

Жетісу облысы
Алакөл ауданы
Достық ауылы
Достық орта мектебі. 
Құрметті ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер! Сiздердi,  Республикалық "Мектепке жол" акциясы басталғанына орай, әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету  мақсатында шақырамыз.
Ағымдағы жылымыз бұл әлеуметтікке бағытталған "Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" ұранымен өткізіледі.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және Балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу.
Қайырымдылық - қадірлі іс екенін ұмытпайық.
Ең бастысы мейірімді жүрегіңіз,таза ниетіңіз болсын.
Демеушілік жасаймыз деген азаматтар болса директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Мыжикенова  Айнагүл Алимгазиновна 
тел: 87011944883
Ермозанова Марал Қасымжанқызы 
тел:87024897670
хабарласыңыздар.
Баршаңызды "Мектепке жол" акциясына қатысуға шақырамыз! 
Акцияға қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Похожие публикации:

28 февраль 2018 хаттама
11 январь 2018 Хаттама №5
11 январь 2018 Хаттама №4
11 январь 2018 Хаттама №3