10
май
2024
⚜️АНАЛАР "АНАҒА ТАҒЗЫМ"⚜️
АНАЛАР "АНАҒА ТАҒЗЫМ"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сай биылдан бастап мамырдың екінші жексенбісі Аналар күні деп белгіленіп, тұңғыш рет 12 мамыр күні аталып өтілмек. Аналардың мәртебесін нығайтып, ана болудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған мұндай шаралар қоғамдағы аналарға деген құрметті арттырып, бала тәрбиесіндегі басты тұлғаның рөлін айқындайды.
Қызметі
мен отбасын қатар алып жүрген аналарға арнайы бала тәрбиесі, отбасы құндылығы жайында өзара пікір алмасып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Психологиялық тренингке қатысып, бой сергітті. Кеш соңында аналарды жан-жақты қолдау мақсатында ашылған педагогикалық орталықтың алдағы жұмысына сәттілік тілеп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Ұйымдастырушы сынып жетекші:
С.А.Сулейменова