Хаттама №4 » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
январь
2018

Хаттама №4

«Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Хаттама №4

 

24.08.2017жыл Достық орта мектебі

Достық орта мектебінің «Қамқоршылық» кеңес мүшелерінің отырысы

Қатысқаны -9 қатыспағаны -жоқ

Кеңес төрағасы : Тоқмырзаев Айдын Орынбайұлы

Мүшелері : Адилбаев Т.Е.

Қайранбеков Қ.Б

Барахова С.К

Ыбрайханова А.С

Дүйсенбаева Д.К

Жаканова И.К

Мазатбекова А.Н

Шоқатбаева Г.Р

Күн тәртібінде:

 

1.2017-2018 оқу жылына әлеуметтік қорғалмаған оқушыларды статустары бойынша анықтап, тізімдерін құру.

2.Әр түрлі

 

1.Ата-анасының қамқорлғынсыз қалған жетім, жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы жанұя балаларын анықтап тіркеу туралы Мазатбекова А.Н хабарлама жасады.

Жалпыға бірдей білімді беру айлығы аясында мектеп мұғалімдері өздеріне бөлінген шағын аудандарды аралап ондағы оқуға тиісті балаларды анықтады және оқушылардың тұрмыс жағдайларымен танысты.

Мектепте тұлдыр жетім оқушылар анықталған жоқ, жартылай жетім - 33, аз қамтылған - 16, көп балалы отбасынан 177 оқушы тіркелді.

Әлеуметтік қорғалмаған оқушылырдың тізімі жасалынып, «Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Т.Садиеваға бекіттіруге, Достық ауылдық округінің әкімі Қ.Б.Қайранбековке келісімге жіберуге дайындалды.

2.Мектепте оқушылардың қозғалысына байланысты Қамқоршылық кеңесінің мүшелері анықтаған көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасынын шыққан оқушыларды ЖБББ қорынан тегін ыстық тамақ ішетін оқушылар тізіміне өзгерістерді еңгізді.

 

 

Шешімі:

 

1.2017-2018 оқу жылына әлеуметтік қорғалмаған оқушылардың тізімдері бекіттіруге жіберілсін.

 

 

Хатшы: А.С.Ыбрайханова