хаттама » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2018

хаттама

«Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Хаттама

Достық ауылы

27.02.2018 жыл №6

 

Достық орта мектебінің «Қамқоршылық» кеңес мүшелерінің отырысы

Қатысқаны -8 қатыспағаны -1

Кеңес төрағасы : Тоқмырзаев А.О /жұмыс бабымен іс сапарда/

Мүшелері Адилбаев Т.Е.

Қайранбеков Қ.Б

Барахова С.К.

Ыбрайханова А.С.

Дүйсенбаева Д K

Жақанова И.K

Мазатбекова А.Н

Шокатбаева К

 

Күн тәртібінде:

1.Мектеп директоры А.Т.Садиеваның мектептегі оқу тәрбие жұмысы бойынша 2017-2018 оқу жылының І - жартыжылдық есебі

/Мектеп директоры/

Тыңдалды:

Мәселе бойынша «Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Т.Садиева тындалды. Мектеп қызметінің және мектептің оқу-тәрбие жоспарыныңI жартыжылдық бойынша қаншалықты іске асқаны туралы есеп берді.

«Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқу жылын 885 оқушы,420 қыз баламен бастадық. І жарты жылдық барысында мектепке 17 оқушы келіп 37 оқушы кетті. І жарты жылдық соңындағы оқушылардың саны 865 оқушы 416 қыз. Мектептегі сынып топтамасы 1-11 сыныптарда -38. Мектепте оқу үрдісі 2-ауысымда жүргізіледі. Сабақ ұзақтығы 40 минут, бескүндік жұмыс режимі еңгізілген.

2-11сыныптарда І жарты жылдық қортытындысы шығарылып,барлық оқушылар қорытылды.1 сыныптар қорытылған жоқ. 1-11 сыныпта 865 оқушы 1 жарты жылдық бойынша білім сапасы-56,55%. Денсаулықтарына байланысты бір оқушы үйде оқытылады: Сағымбек Жақсылық -6 сынып оқушысы.

Мектепте барлығы - 80 мұғалім, оның жоғарғы санатты – 16 (20%), бірінші санатты – 16 (20%), екінші санатты – 24 (30%) , санатсыз -24 (30%) мұғалім. Шағын орталықта 4 тәрбиеші жұмыс жасайды. Оның ішінде жоғарғы білімді-2(50%), 2-еуі арнаулы орта білімді.

Мектепте барлығы 28 оқу кабинеттері бар, оның ішінде 17 кабинет паспортталған. Жаңа модификациядағы 1 кабинет - биология кабинеті, лингафонды - мультимедиялық кабинет-16+1, информатика кабинеті - 24 компьютер. Сабақтар аталған пәндер бойынша пән кабинеттерінде өтеді.

Мектепте интернет бар, интернет желісіне қосылған:

-Қабылдау бөліміндегі 1 компьютер интернетке қосылған, жылдамдығы 4 МБ/сек. Мектепте«kundelik.kz» біріңғай ақпараттық жүйесіне қосылған 1 компьютер, жылдамдығы 4 МБ/сек.

-Информатика кабинетінинтернетке қосуға дайындық жұмыстары жүргізілген, берілетін жылдамдығы 4 МБ/сек, осы желіге 5 кабинетті қосу жоспарлануда. Сабақта АКТ қолдану бойынша мектепке 5 комплект –проектор, компьютер, экран берілді.

2017-2018 оқу жылының І – жарты жылдық бойынша оқу бағдарламасының орындалуы бойынша 1 сыныптар 1-2 тоқсанда оқу бағдарламасында берілген тақырыптардың барлығы қамтылды. Қалыптасытрушы бағалау тапсырмалары беріліп орындалды. 1 сыныптарда 1-2 тоқсанда жиынтық бағалау тапсырмалары алынбайды, бағаланбайды.

2,5,7 сыныптар жаңартылған оқу бағдарламасымен оқытылады. 2 тоқсанға бөлінген оқу бағдарламасындағы барлық тақырыптар қамтылып,бөлімі ортақ тақырыптар бойынша кейбір пәндерден 1 рет,кейбір пәндерден 2-3 реттен жиынтық бағалау тапсырмалары алынды,қорытындылары шығарылып журналға қойылды.2 тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары құрылып, кестесі жасалынып,өтетін кабинеттері белгіленіп ,жиынтық тапсырмалардың дұрыс өтілуін қадағалау үшінмектеп әкімшілік мүшелеріненкесте құрылды,мектеп директорының бұйрығымен 21 желтоқсанмен 28 желтоқсан аралығында тоқсандық жиынтық бағалау алынды.

Алынған тапсырмалар тексеріліп,ұпайлары қойылып ,пайыздары шығарылып,пайыздары бойынша бағаға айналдырылып журналдарына жазылды.

3,4,6,8,9,10,11 сыныптар бойынша оқу бағдарламасындағы 2 тоқсанға берілген барлық тақырыптар қамтылып, әр пән мұғалімі күнтізбелік жоспардағы белгеленген күндері бойынша тоқсандық жазба жұмыстары: диктант, бақылау жұмыстары алып, қорытындысы шығарылып, журналға қойылды.

Аудандық олимпиадаға 11 оқушы қатысып, 3 оқушы ІІ және ІІІ жүлделі орындар иеленді.

2017-2018оқу жылында 11сыныптарға ҰБТ-ға арналған оқушыларды дайындау жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітіліп, жоспар бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Дайындық жұмыстары жетінің әр күніне бөлініп қойылған.

Тәрбие бағыты бойынша «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары бар, қазақстандық патриотизмді бойына сіңірген, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, ҚР үздіксіз білім берудегі тәрбие тұжырымдамасынжәне Қазақстан Республикасының Заңдары мен заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерлі басшылыққа ала отырып жасалды.

Мектепте 38 сынып жетекші жұмыс атқарады. 2017-2018 оқу жылының I ж.ж. жылдық жұмыс жоспары негізінде айлықтар, апталықтар, онкүндіктер жүргізілді. Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары төмендегі 8 бағыттарды қамтиды:

1Азаматтық-патриоттық,құқықтық тәрбиесі.

2.Рухани-адамгершілік тәрбиесі.

3.Ұлттық тәрбиеі.

4.Отбасы тәрбиесі.

5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбиесі

6.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

7.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбиесі.

8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Мектепте оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру жұмысы басты назарда. Оқушылар мектепішілік секция, үйірмелерге белсенді қатысады.

Үйірме саны-34

Эстетикалық бағыттағы үйірмелер-9

Пән бойынша үйірмелер-4

Спорттық-8

Тілдік-13

ҚР «Неке ( ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексімен жұмыс жүргізіледі.2017-2018 оқу жылында мектептегі әлеуметтік жағдайы бар отбасынан шыққан оқушылар анықталды. Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайы:

Мектепте әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балалар саны-150. Тұлдыр жетім бала жоқ, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан отбасынан- 8, көп балалы жанұядан шыққан оқушы саны-142.

2017-2018 оқу жылында №1 педагогикалық кеңестің шешімі негізінде ЖБББ қорынан ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жағдайы бар 100 оқушыға тегін ыстық тамақ беріледі. Ыстық тамақтың сапалы берілуін тексеру комиссиясы құрамы бекітіліп, жоспар бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Асхананы жалға алушы Б.Турсынбаева Денсаулық журналы, бракераждық журналы және тоңазытқыштың температурасын тіркейтін журнал жүргізіледі. Күнделікті тамақтың сынамасын алатын ыдыстар бар.

ЖБББ қорынан 88 оқушыға 15 мың теңгеден киімге қаражат бөлініп берілді, 50 оқушыға киім –кешекпен көмек берілді.

Педагогикалық – психологиялық қызмет бойынша жүргізілетін жұмыстар:

-11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындық;

-ОЖСБ кезіндепсихологиялық дайындық;

-8, 9, 10 сыныптарда кәсіптік, бағдарлы жұмыстар;

-5- сынып оқушыларының бейімделу процесі;

-1 – ші сынып оқушыларының мектепке бейімделу процесі;

-Бастауыш сынып пенорта буын арасындағы сабақтастығы;

-Дарынды балалармен жұмыстар;

-Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар;

-Педагогикалық ұжыммен және жас мамандармен жұмыс;

-Шағын орталық балаларымен жұмыс;

-Мектепалды даярлық сыныптармен жұмыс;

-Кәмелетке толмағандар арасында суициалды міңез-құлықты ескерту және алдын алу жұмыстар жүргізілуде.

Мектепте оқшылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптстыру мақсатымен мектеп дефектологың жұмыс бағыты:

1.Әдістемелік ұйымдстырушылық.

2. Диагностикалық жұмыс.

3. Түзету жұмыстары.

4.Әр балаға мониторинг құру.

5.Логикалық,дидактикалық ойындар мен құрастырмалар.

6.Қоршаған ортаға қалыптастыра отырып,сөйлеу тіліне түзету жұмыстарын жүргізу.

7. Бақылау жұмыстары.

8. Әңгіме,тест, кеңес беру.

9. Ата-анамен жұмыс

10. Есеп беру.

Осы бағытта айлық жоспар құрылып ,сол бойынша жұмыс жүргізілді. ОПМПК қортытындысы бойынша түзету дамыту сыныбында- 8 оқушы оқиды. Әр оқушыға жеке диагнозы қойылған .

Аудандық ОПМПК-ң жылдық жоспары негізінде мектеп логопедінің 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Мектеп логопедінің жұмыс мақсаты -ауызша және жазбаша сөйлеу тілі бұзылған балаларға логопедиялық көмек көрсету арқылы алдын алу және түзету жұмыстарын жүргізу.

Жылдық жоспар 5 бағытта құрылған:

1.Әдістемелік ұйымдастырушылық

2.Диагностикалық бағыт

3.Түзету бағыты

4.Сынып жетекшілермен жұмыс

5.Ата-анамен жұмыс

Оқушылардың диагноздарына байланысты тапсырмалар, әр түрлі тіл мүкістіктеріне, логикалық ойлау қабілеттеріне, қажетті жаттығулар орындалып, олардың артикуляциялық дағдыларын, фонематикалық қабылдауын, есте сақтау қабілеттерін байқап диагностикалық талдау жасап әр оқушының жеке жинақ папакаларына салынады

2017-2018 оқу жылында кітапхана қорында 24094 дана кітап бар. 2017-2018 оқу жылында жаңартылған бағдарлама бойынша 2,5,7 сыныптарға оқулықтар әкелінді. 4524 оқулық, 137 электрондық оқулық, мұғалімдерге 126 әдістемелік нұсқаулық, 1588 дидактикалық материалдар әкелінді. Мектебіміздің оқушылары 100 пайыз оқулықтармен қамтылды. Бүгінгі таңда мектеп кітапханасының медиатекасы және әдеби кітаптар қоры жаңа технологияларды қолданысқа ендіру және дамыту үшін электронды мәліметтер базасы жасалынуда.

Шешім:

2017-2018 оқу жылының I жарты жылдықта атқарылған жұмыстардың есебі қанағаттанарлық деп бағалансын.

 

«Қамқоршылық» кеңес

төрағасының орынбасары И.К.Жаканова

 

Хатшы: А.С.Ыбрайханова

Похожие публикации:

11 январь 2018 Хаттама №5
11 январь 2018 Хаттама №4
11 январь 2018 Хаттама №3
11 январь 2018 Жылдық жоспар