27
сентябрь
2024
23-27 қыркүйек аралығында мектебімізде балалардың қауіпсіздігіне арналған 7-8 сынып ата-аналарының арасында “Бала қауіпсіздігі- қоғам келешегі” атты жиналыс өткізілді
23-27 қыркүйек аралығында мектебімізде балалардың қауіпсіздігіне арналған 7-8 сынып ата-аналарының арасында “Бала қауіпсіздігі- қоғам келешегі” атты жиналыс өткізілді. Жиналыста ата-аналардың бала өміріндегі, сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі туралы сөз қозғалды.
Ата-аналарға қауіп-қатерлерді дер кезінде қалай анықтау және болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы қадамдық ұсынымдар берілді. Олардың ішінде - баланың мінез-құлқын бақылау, әлеуметтік желілердегі белсенділік мониторингі, мектеп ортасындағы құрдастарымен қарым-қатынасы кіреді. Бұдан бөлек, мамандар баламен тұрақты қарым-қатынас жасаудың, ашық диалог үшін сенімді орта құрудың және ата-аналардың баласвның өміріне ұдайы қатысуының маңыздылығына назар аударылды.
Қауіпті интернет ойындарынан өзіңді қалай қорғауға болады?
Балаларға арналған жадынама
1. Өзіңнің жеке шекараңды қорғауды және өзіңе деген сенімділікті дамытуды үйрен.
2. Әлеуметтік орта туралы нсте сақта және тек жақын адамдарға ғана сен.
3. Бейтаныс адамдарды парақшаңа, достар қатарына қоспа.
4. Жылдам және оңай табыстар туралы күмәнді ұсыныстарды қабылдама.
5. Жеке ақпаратпен, жеке мәліметтермен және фотосуреттермен бөліспе.
6. Арандату және қорлауға жауап берме. Қажетсіз достар мен жазылушыларды бұғатта.
7. Егер кибербуллингке тап болсаң, ересектерден көмек сұра немесе сенім телефондарына қоңырау шал.
Ал балаларға жасалған қатыгездікке куә болсаңыз, тәулік бойы қызмет ететін “111” нөмеріне хабарласуға болады.