06
сентябрь
2024
“Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 қыркүйек күні мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
“Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 қыркүйек күні мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста мектеп директоры ата-аналарды 2024-2025 оқу жылының басталуымен құттықтап, жалпы жиналыс мақсатын, күн тәртібіндегі мәселелер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп директорының ДТІЖО С.Х.Хабылхагқызы мен мектеп инспекторы Д.А.Даулетқан және мектеп психологтары мектеп формасы, тәрбие, қауіпсіздік мәселелері туралы сөз қозғады. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- Оқушылардың қауіпсіздік мәселелері (жолда жүру ережелері, теміржол ережесі, электроскутер, мопед, электросамокаттардың бала өміріне төндірер қаупі)
- “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы;
- Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайлары;
- Мектеп формасы;
- Қоғам мәселелері.