«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»
01
март
2024

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»

"Ана тәрбиесі - қоғамның жазылмаған оқулығы"

атты аналар форумына арнайы сөз


           Қайырлы күн, Құрметті ата-аналар! Бүгінгі ата-аналар форумында сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз! 

«Отан отбасынан басталады» десек, ұрпақты бала кезінен отансүйгіштікке, отбасы құндылықтарын сақтауға үйретуде ардагерлеріміздің орны ерекше. Еліміздің ертеңі, болашағы - балаларымыз үшін апа-әжелер баға жетпес байлық, өлшемі жоқ ғибрат. Жамандық атаулыдан сақтайтын, бейнебір ақылдың кеніші саналатын аналарымыздың қашан да ұрпақ тәрбиесінде ойып алар орны бар.

Бүгінгі біздің сіздермен қауышқандарымыздың басты мақсаты: биылғы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірінен 10 000-нан астам педагог Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру бойынша білім алады. Бұл бастама балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамытумен қатар, позитивті ата-ана болу мәдениетін дамытуда отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған. 

балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата аналар арасындағы тиімді өз ара іс-қимыл үшін  жағдайларды қамтамасыз ету. 

- ұйымдастырылған шараларға мектеп оқушыларының тартылуы.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының міндеттері:

1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға бағытталған ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;

 2) білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту; 

3) отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арттыру.

Бұл ретте баланың әл-ауқаты оның физикалық және психикалық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы білім берумен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздігімен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсері кезінде қалыптасқан жағдай ретінде қарастырылады. 

Орталық қызметінің принциптері:

● Ұлттық мәдениет, құндылықтар мен дәстүрлердің сабақтастығы;

●Үдерістің гуманистік бағыттылығы;

● Ата-аналарға дифференциалды және жекелей қолдау көрсету;

● Заманауи ғылым мен тәжірибенің озық үлгілерін пайдалану;

● Әлеуметтік серіктестікке басымдық беру, ресурстық ұйымдар мен білікті сарапшыларды тарту.

Орталықтың қызметі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың және балалардың басқа да заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. 

Аналар мектебінде:  «Әжемнің ертегісі», «Қыз бала – ұлт болашағы», «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Ене мен келін сыйластығы», «Кеңес беру орталығы», «Аналар алқасының шығармашылық топтары» деген бағыттар бойынша қолға алынып жатқан жұмыстардың тиімділігін сіздермен бірге көруді негіздеудеміз.

Бүгінгі таңда әр отбасына өз әлеуетін ашуға көмектесу, ата-аналардың алдында тұрған мәселелерді шешуге жәрдем беру маңызды. Бұл жағдайда келесі факторларды ескеру қажет:

1. Әр отбасының мықты жақтары мен маңызды практикалық дағдылары бар.

2. Ауызбіршілігі күшті отбасы  кез келген қиындыққа төзімді болады.

3. Тіпті қиын кезде де ата-аналардың көпшілігі балаларын жақсы көреді және оларға қамқорлық жасайды. 

Ата-аналарды педагогикалық қолдау Орталығының бағдарламалары балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналық міндеттерді орындауды жеңілдетуге, ата-аналар мен балалардың нақты өмірде кездесетін мәселелерін шешуге ықпал етуге арналған. Тыңдаушыларына отбасының әлеуетін ашуға арналған идеялар мен құралдар, сондай-ақ балалармен табысты қарым-қатынас жасау, жеке тұлғаны дамыту үшін қолайлы орта құру тәсілдері ұсынылады.   

Қатысушы ата-аналар балалардың мінез-құлқының қалай өзгертетінін біледі, баланың мінез-құлқындағы қажетті өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін әдістерді үйренеді. Ата-аналар балаларымен қарым-қатынастың экологиялық таза тәсілдерін меңгереді, бір-бірін тыңдау және есту қабілетін дамытады, балалардың өздерін қауіпсіз сезінуіне көмектесетін шектеулерді қалай қою керектігін түсінеді, отбасындағы қарым-қатынасқа жаңа көзқараспен қарайды.      

Орталықтың тақырыптарымен танысу бойынша болатын кездесулер және ата-аналардан алынатын сауалнама осы жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі кезеңде әр түрлі жастағы: 1–4 сынып; 5–9 сынып; 10–11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін жүргізіледі. 

Әр бағдарлама жылына сегіз сабақты қамтиды, олардың екеуі үшеуі мектептің өзіне қатысты мәселелер мен тақырыптар бойынша өткізілуі мүмкін.

Орталықтың сабақтары кестеге сәйкес, әр түрлі формаларды қолдана отырып, жеке өткізіледі.  

Орталықтың қызметіне белсенді ата-аналарды, аға буын өкілдерін тарту көзделген.

Жауаптылар: класс жетекшілер, ұйымдастырушы-педагог, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                                                                                                                     Мектебімізде ата аналарды қолдау орталығы кабинеті ашылып,

Ашылу салтанаты өткізіліп, Ата-аналарды педагогикалық қолдау Орталығының бағдарламалары балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналық міндеттерді орындауды жеңілдетуге, ата-аналар мен балалардың нақты өмірде кездесетін мәселелерін шешуге ықпал ететіні түсіндірілді. Отбасының әлеуетін ашуға арналған идеялар мен құралдар, сондай-ақ балалармен табысты қарым-қатынас жасау, жеке тұлғаны дамыту үшін қолайлы орта құру тәсілдері ұсынылуы.