БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ - ӨЗІҢІЗ" ТАҚЫРЫБЫНДА АТА АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ - ӨЗІҢІЗ" ТАҚЫРЫБЫНДА АТА АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
03
ноябрь
2023

БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ - ӨЗІҢІЗ" ТАҚЫРЫБЫНДА АТА АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

🌹"БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ - ӨЗІҢІЗ"🌹 ТАҚЫРЫБЫНДА АТА АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ  
2023 жылдың 31.10-03.11 күндері аралығында  мектебімізде бастауыш сынып ата-аналарының қатысуымен сынып бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді.
 Күн тәртібінде: 
🖊 1. 1-тоқсан бойынша "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының орындалуы мен 1- тоқсанның қорытынды есебі берілді.
🖊2. Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы, "Даналық мектебі" клубының құрылуы туралы, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабақтарына ата-аналардың қатысу белсенділігі мен сауалнама мониторингі айтылды.
🖊3.“Буллинг- оқушы, қамқор ата -ана” , “қатыгездік, зорлық- зомбылықтың алдын алу жұмыстары” жоспарымен таныстырып алдын-алу жолдарын түсіндіріп өтті 
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу, бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Мектеп өмірімен таныстыру. Балалардың мінез-құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіншілігін тереңірек зерттеу. Ата-ана, бала, ұстаз үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.  Жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау.
Ұрпақ тәрбиесі - ең ұлы міндет десек,осы міндетті мүлтіксіз орындау мектеп педагогтарымен қатар ата-аналардың да жауапкершілігінде. Сондықтан жиынның түйіні - бала болашағын қалыптастыруда ата-ана мен ұстаз үнемі бірлікте болуы керек екенін естен шығармау.