Байқау » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7283) 33-13-44
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
13
январь
2023

Байқау

Мектебімізде қазақ халқының мұзбалақ ақыны - М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали оқулары» байқауы өтті. Байқауға ақынның жауhар жырларымен сусындап өскен 6-11 сынып оқушылары қатысты. Байқауда кіл мықты мен кім мықтыны анықтау үшін мектебіміздің директоры Г. Р. Куатова, директордың оқу-әдістемелік орынбасары Ж.А Абдулаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ж.К. Идришова, Ж.Б. Амиргалиева қазылық етті. Іс-шара 9 Ә сыныбының оқушыларының дайындаған ақынның «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмасы негізінде дайындалған керемет көрінісімен ашылды. 
Байқау 2 кезең бойынша өтті. 
1-кезең «Айтып өткен ақында арман бар ма?» ақын шығармашылығынан мәнерлеп оқу сайысы
2-кезең «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» оқушы өз шығармашылығынан ақынға арнау өлеңін оқу.