ХАБАРЛАНДЫРУ » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7283) 33-13-44
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
09
декабрь
2022

ХАБАРЛАНДЫРУ

Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Лучший қабырға газетіне» мектепішілік байқау жарияланады.
Байқаудың мақсаты: оқушыларды еңбек пен ерлікті, махаббат пен достықты арқау еткен өміршең туындыларды дүниеге әкелген сөз зергері, дарынды жазушы Әзілхан Нұршайықовтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Жас ұрпаққа рухани құндылықтарымызды насихаттау, олардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қабырға газетінің дизайнына, мазмұнына, сызбаларына қатаң талаптар қойылмайды. Авторларға шығармашылық, идея еркіндігі беріледі.


Байқауға ұсынылатын қабырға газеттері төмендегі критерийлерге сәйкес бағаланады:
✓ газет стилінің сақталуы;
✓ мазмұнының тақырыпқа сәйкес болуы;
✓ газеттен орын алған материалдардың әсерлі, тұщымдылығы
✓ мазмұн тереңдігі, сауаттылығы;
✓ шығармашылықпен орындалуы, безендірілу шеберлігі;
✓ эстетикалық тұрғыдан сапалы орындалуы. 

Похожие публикации:

16 январь 2023 Диплом