БАЛАЛАР ЖЫЛЫ-2022 » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАЛАЛАР ЖЫЛЫ-2022
06
май
2022

БАЛАЛАР ЖЫЛЫ-2022

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастау алған 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.



Қасым-Жомарт Тоқаев жаңажылдық құттықтауында індет кезіндегі қиындыққа қарамастан, өткен жылы көптеген жетістікке қол жеткізілген атады. Ел игілігіне қызмет етіп жүрген әрбір азаматқа шынайы ризашылығын білдіріп, Қазақстанның жарқын болашағы ел тағдырына бей-жай қарамайтын, нағыз отаншыл, ниеттес, мүдделес азаматтардың қолында екенін жеткізді. Сонымен қатар жастарға үміт артатынын, өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасаудың  қажеттілігін атады, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.

– Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Бұл жылды тек ұрандатып немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз, – деп атап өтті Президент.

2022 жыл «Балалар жылы» 
орай 5-8 сынып оқушылары арасында "Бiз бақытты баламыз" тақырыбында суреттер көрмесі өтті.

Похожие публикации:

28 февраль 2018 хаттама
11 январь 2018 Хаттама №3