«Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау орталығының жұмысы. » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау орталығының жұмысы.
17
ноябрь
2023

«Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау орталығының жұмысы.

«Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау орталығының жұмысы. Қараша айының 12 - қазан айынан, 1-11 сыныптың ата-аналарынан құрылған 3-топ белсенді ата-аналар тобымен "Көркем мінез-баға жетпес байлық" тақырыбында тренингті позитивті сабақ өткізілді. Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың; жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысаныға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді. Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту, бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптасыру. Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету. Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым- қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.