Құттықтау » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7283) 33-13-44
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
28
апрель
2023

Құттықтау


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

27-28 сәуір күндері «Village life» қоғамдық қорының демеушілігімен 3 кезеңнен тұратын “Рысбала Сейітқызы атындағы Алакөл ауданы бойынша тарихшы мұғалімдер арасындағы педагогикалық шеберлік “ конкурсы өткізілді. Конкурстың нәтижесінде қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы бойынша арнайы дайындалған тест тапсырмаларын орындады. Бұл кезеңге ауданның 26 тарих пәні мұғалімі қатысып, 2 және 3 кезеңге 11 педагог өтті. ІІ кезеңде 6- 11 сыныптар арасында пән бойынша ашық сабақтарын көрсетсе, ІІІ кезеңде -Тарихи деректерге негізделген ғылыми жұмысын қорғады.

Нәтижесінде: Әріптесіміз тарих пәні мұғалімі Тоинбаева Айнұр Абдулкаковна ІІІ орын иеленіп, 500 мың теңгеден қаржылай сыйлықпен марапатталды. Демеушілік жасаған «Village life» қоғамдық қорының президенті Думан Нағашбекұлына алғысымызды білдіреміз.

Похожие публикации:

24 апрель 2023 Құттықтау
04 март 2023 Құттықтаймыз
19 январь 2023 Мағжан оқулары