07
декабрь
2022
Онлайн кездесу
2022 жылдың 7 желтоқсан күні 11 сынып оқушылары, өзін-өзі басқару ұйымының белсенді фракция мүшелері мен мектеп президенті А.Азатқызымен бірге тікелей эфирде онлайн zoom платформасы арқылы кездесу: Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы @iliyas_tustikbayev - “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, “Халық Алғысы” медалінің иегері, Қазақстан студенттері Альянсы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Студенттер мәселелері жөніндегі Кеңес төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшесімен кездесу ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Бүгінгі онлайн кездесу барысында 11 сынып түлектері мотивация алып, кәсіптік бағдар негізінде мамандықтарын дұрыс таңдау бойынша ашылған жаңа мобильді қосымша жәйлы ақпараттар алды. Оқушылар қызықтырған түрлі сұрақтарын қойып, кері байланыстарын алды.