16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7283) 33-13-44
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні
13
декабрь
2022

16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні

2022 жылдың 13-ші желтоқсаны сағат 10:00-де "16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай Достық орта мектебінің «Айгөлек» шағын орталығының «Жасұлан» тобы мен №11 орта мектебінің «Балауса» шағын орталығының «Қыран» тобы «Отбасы бірлігі-Отанның бірлігі» отбасылар сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Отбасымен бірге шағын орталық арасындағы байланысты нығайтып, жас ұрпаққа салауатты өмір қалыптастыру, дені сау сауатты, саналы тәрбие беру.
Спорттық сайыстың өткізілу тәртібі:
Сайыс Достық орта мектебімен Достық №11 орта мектептің шағын орталығы ата-аналармен тәрбиеленушілері арасында сайыс түрінде өткізілді.
Сайыстың негізгі бөлімінде сайысқа қатысушы командалар өздерін таныстырды, өз ұрандарын, әндерін айтты.
Спорттық сайыс 10 балдық жүйемен бағаланды.
Спорттық сайыс 5 кезеңнен тұрды.
1. Кім жылдам (жүгіру)
2. Кеңгіру (доппен секіру)
3. Мергендер (себетке доп тастау)
4. Епті жүргізуші (самакатпен жүру, балалар машинамен жүру)
5. Күшіміз бірлікте (арқан тарту). Екі команда үздік ойын көрсетіп, бағаланды.
Нәтижесінде І орын - Достық орта мектебінің «Айгөлек» шағын орталығының «Жасұлан» тобы.
ІІ орын - №11 орта мектебінің «Балауса» шағын орталығының «Қыран» тобы иеленді.