Куатова Гульнар Рысбековна » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Куатова Гульнар Рысбековна
01
сентябрь
2022

Куатова Гульнар Рысбековна

Қуатова Гүлнар Рысбекқызы 29.12.1970 жылы Талдықорған облысы Алакөл ауданы Архарлы ауылында дүниеге келген. 1977 жылы 1 сыныпқа Алакөл ауданы Обуховка орта мектебіне барды. 1987 жылы Ушарал қ. Н.Крупская атындағы орта мектебін бітірді. 1987-1992 ж.ж.  І. Жансүгіров атындағы Талдықорған Педагогикалық институтының физика-математика факультетінде оқыды. Мамандығы - математика және физика пәнінің мұғалімі. Еңбек жолын 1992 жылы Ушарал қ. Н.Крупская атындағы орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып бастады. 1993 жылы Дружба бекетіндегі №48 орта мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып ауысты. 1994 жылы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылдың 12 шілдесінен «Дружба бекетіндегі №11 орта мектебі» ММ-ің  директоры болып тағайындалды. 2004 жылдың 12 қантарында «Алакөл ауданының  Достық кентінің №11 орта мектебі» КММ директоры қызметіне қайта тағайындалды.  2022 жылдың 16 тамызында ротация тәртібімен «Достық  орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ директоры қызметіне тағайындалды. Педагогикалық өтілі-30 жыл. Бірінші біліктілік санатты басшы.
Жоғары категориялық математика пәнінің мұғалімі, «педагог-зерттеуші».  10-11 сыныптарға арналған «Математика в естествознании», «Решение логических задач» элективті курстардың авторы. Республикалық ғылыми-педагогикалық «Математика», «Қазақстан мектебіндегі директор» атты журналдарда мақалалары жарияланды. Аудандық пәндік олимпиада, республикалық қашықтық олимпиада жеңімпаздарын, «Алтын белгі» иегерлерін дайындады. 
БЖҒМ, ПШО, «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы, Аудан әкімінің, Аудандық ББ, Достық ауылдық округ әкімінің  алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.