Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары
11
ноябрь
2022

Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары

Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары

Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту шараларына орай қабылданған Заң аясында, арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде мектепте жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы ұжыммен жиналыс өткізіліп, бұйрық шығарылып, іс-шара жоспары жасалады.
Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу көріністерін болдырмау.
Осындай мақсатта 10 қараша күні мектеп ұжымымен жиналыс өткізілді. Жиналысты мектеп директоры Г.Р.Куатова ашып, мұнда әр адамның құқықтық мәдениетін жоғарылату, қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы, оқу-тәрбие үрдісінде оқушылар мен мұғалімдер тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларды қатаң бақылауға алу туралы айтылды.
Мектептің 1-ші қабатында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушылар мен ата-аналарға арналған мектептегі теріс әрекеттер, ұрлық, күшпен ақша бопсалау т.б.жағадайларды кездестіру кезінде оқушылар өз ескертулерін жасалды. Сонымен қатар, оқушылардан құрылған «Адал ұрпақ» жобасы да жұмыс жасайды.
Сынып жетекшілер «Жемқорлықсыз қоғамға қадам», «Заң талабы-заман талабы» деген тақырыптарды сынып сағаттарын өткізді.
Мектепте ата-аналардан ақша жинамау, сыйлықтар алмау туралы фактілердің орын алуын болдырмау мақсатында педагогикалық ұжыммен үнемі түсінік жұмыстары жүргізіліп, қатаң бақылауға алынған.