22 наурыз — ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ KYHI » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 22 наурыз — ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ KYHI
17
март
2023

22 наурыз — ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ KYHI



2023 жылдың 13-17 наурыз күндері аралығында мектебімізде Ұлыстың ұлы күні мейрамына жоспар құрылып, түрлі іс-шаралар аталып өтті.
Мейрам қарсаңында 1-11 сынып оқушыларына мектептің дәлізін безендіру "Ұлттық бұрыш" байқауы жарияланды.
Байқаудың мақсаты:
Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды кеңінен насихаттай отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа , мейірімділікке тәрбиелеу және халқымыздың салт – дәстүрі, әдеп – ғұрыптарымен таныстыра отырып,
"Мектеп - Ата-Ана - Оқушы" үштігінің байланысын күшейтіп, халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу.
15 наурыз күні байқауға 15 сынып жетекші қатысып, ата-ана мен оқушылары ұлттық салт-дәстүрлерін көрсетіп, жаңа, креативті безендіру жұмыстарын қорғап шықты.
Байқау қорытындысы 17 наурыз күні салтанатты жиында марапатталды.