"Қауіпсіз мектеп" жобасы » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қауіпсіз мектеп" жобасы
10
февраль
2023

"Қауіпсіз мектеп" жобасы


«ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ- БАСТЫ МІНДЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҰЛДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

2023 жылдың 10 ақпан күні "Қауіпсіз мектеп" жобасы негізінде жұмыс жүргізілді.
☑️Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру.
☑️ Жиналысқа 6-8, 9-11 сыныптың ұл балалары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К.Ермозанова, мектеп психологы Г.О.Ермолаева ұлдар ұйымының жетекшісі, өзін-өзі басқару ұйымының фракция мүшелері, Достық ст.
ҚБПт инспекторы полиция лейтенанты Ж.Олжайев, ЖПб криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Ж.М.Қажынов қатысты.
☑️Жиналыс барысында ДТІЖО М.К.Ермозанова ұлдар тәрбиесі жөнінде, ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, жайында айтты. Сонымен қатар әлім жеттік, күш көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп психологы Г.О.Ермолаева бопсалаудың алдын-алу бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесінің қорытындысы жәйында сөз алды. Достық ст. ҚБПт инспекторы полиция лейтенанты Ж.Олжайев пен полиция аға лейтенанты Ж.М.Қажынов қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөпірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу бойынша сөз алды.