Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2-қыркүйек күні халыққа кезекті жолдауы
02
сентябрь
2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2-қыркүйек күні халыққа кезекті жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2-қыркүйек күні халыққа кезекті жолдауын жолдады. Өз сөзінде – білім беру жүйесіне тоқталып өтті. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады.Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғанына тоқталып өтті.2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасалады,осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесі толық шешіледі деді. Президент мектеп формасына да тоқталып өтті. Мектеп формасының барлық оқушыға барынша қолжетімді ету және әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру қажеттігі айтылды.Мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеу қажеттігіне де тоқталды.Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет.Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңызды дей келе қоғамдағы  қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі жөніндегі пікірталасқа да нүкте қойды.Қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды  тәрбиелеуіміз қажет. Себебі, бұл ұрпақтың мүддесі үшін керек. Баланың білім алуына, оның ішінде сыныптан тыс оқуына  мемлекет бөлетін қаражат бірыңғай білім беру есепшоттарында жинақталады. Бір сөзбен айтқанда, мұны балалардың білім алуына инвестиция ретінде жұмсалатын алғашқы мақсатты капитал деуге болады.
 Достық орта  мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Абдулаева