«Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз»
04
ноябрь
2023

«Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз»

2023 жылдың 31.10-03.11 күндері аралығында мектеп кітапханасында күзгі демалысты тиімді өткізу мақсатында «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты кітап оқу акциясы өткізілді.
 Мақсаты:   Кез-келген жастағы оқырманның уақытын тиімді өткізу және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Күзгі демалысты тиімді пайдалану. 
  Күзгі каникул кезінде оқушылар  белсенді араласты. «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз»  күз атрибутикасын пайдалана отырып, кітап оқу сәтін фотаға түсірді. Оқыған кітабының кейіпкерлерінің суретін салды. Оқыған сүйікті кітабы туралы буктрейлер түсірді. Оқушылар күзгі демалыс күндерін тиімді ұйымдастырып, уақыттарын көңілді өткізді. 
   Оқушылардың оқиға желісіне арнап салған суреттері де көз тойарлықтай болды. Ең маңыздысы оқушылар сахына төрінде өздері оқыған кітаптардан көрініс қойып, көрермендерді сендіре ойнауға тырысты. 
    Нәтижесінде оқушының өз бойындағы қабілеттері жан-жақты шыңдалып, отбасылық құндылықтары нығайтылып, шығармашылық, көшбасшылық қасиеттері қалыптасты. Оқушылар үшін қызықты демалыс болды.