Абай күні » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
август
2023

Абай күні

Бүгін – Абай күні.  Ұлтымыздың ұлы ақыны, хәкім Абайдың шығармашылығын кеңінен дәріптеу мақсатында атаулы күн 2020 жылғы 5 тамызда еліміздің мерекелер күнтізбесіне енді.
Абай – ұлтымыздың болмысы мен бітімінің айқын үлгісі. Абай – әлем әдебиеті мен мәдениетін қастерлі асыл қазыналармен байытқан бірегей тұлға. Күллі адамзатқа ортақ кемеңгер шығармаларының әлемнің 30-дан астам тіліне аударылуы – бұл сөзімізге айқын дәлел.
Абайдың өміршең һәм өнегелі әдеби мұрасы – біздің өркениетіміздің алтын тұғырына айналуы тиіс.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы», – деп атап өткен. 
Ұлы ақынның ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани сарқылмас азық, таусылмас қазына бола бермек. Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймыз!