2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ТАЛДАУЫ » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ТАЛДАУЫ
04
февраль
2022

2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ТАЛДАУЫ

2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ   ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ТАЛДАУЫ

Оқу жылдары

Жоғары санатты

Педагог-зерттеуші

І санатты

Педагог-сарапшы

ІІ санатты

Педагог-модератор

Санатсыз, педагог

2021-2022 о.ж.

5

10

3

11

8

26

42



  • 2021-2022 оқу жылында барлығы 105 мұғалім жұмыс жасап бастады.Олардың:
  • 5-і жоғары санатты;    10-ы педагог-зерттеуші;
  • 3-уі І санатты;  11-і педагог-сарапшы
  • 8-і ІІ санатты;   26-ы педагог-модератор;
  • 42-і санатсыз;

   Жалпы 105 мұғалімнің:Жоғары санатты- 4,7%,Педагог-зерттеуші -9,5% ;І санат – 2,8%;,Педагог-сарапшы -10,4% 

ІІ санатты -7,6 %,Педагог-модератор -24,7%Санатсыз мұғалімдер -40% құрады.   Жоғары,педагог-зерттеуші, І және педагог-сарапшы санаттағы мұғалімдер барлық мұғалімнің  27,6% құрады. Ал ІІ санат пен педагог-модераторлар 32,8% құрады. Биылғы жылы санаттар қатарының азаюына толықтай жаңа форматқа өтіп, ұлттық тестілеуге барған мұғалімдердің 9-ы өтпей қалуы және тестке уақытылы бармауы себеп болды. 1 мұғалім жоғарыдан І санатқа, ал 4 мұғалім І санаттан ІІ санатқа, ал І санатты 3 мұғалімнің декреттік демалысқа кетуі, ал ІІ санатты 1 мұғалімнің санатсыздар қатарына төмендеуі себеп болды.Санатсыздар қатарына биылғы жылы қабылданған жас мамандар да, жаңадан келген мамандар да кіріп тұр.

2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ   ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ  ЕҢБЕК ӨТІЛІ БОЙЫНША ТАЛДАУЫ

жылдары

3 жылға дейін

3жылдан 5 жылға дейін

6 жылдан 10 жылға дейін

11 жылдан 15 жылға дейін

16 жылдан 20 жылға дейін

20 жылдан  жоғары

Еңбек өтілі

32

8

18

22

6

19

үлесі

30,5

7,7

17,1

21

5,7

18



     2021-2022 оқу жылындағы педагогтардың еңбек өтілі бойынша талдауы: 

      Биылғы оқу жылында қыркүйек айында жұмыс жасап бастаған мұғалім саны-105.

  • 3 жылға дейінгі- 32 мұғалім;    30,5 %;
  • 3 жылдан 5 жылға дейін- 8 мұғалім;    7,7 %;
  • 6 жылдан 10 жылға дейін-18 мұғалім;     18 %;
  • 11 жылдан 15 жылға дейін-22 мұғалім;    21 %;
  • 16 жылдан 20 мұғалім дейін-6 мұғалім;   5,7 %;
  • 20 жылдан жоғары-19 мұғалім; 18 %;

    Еңбек өтілі бойынша ең көп мұғалім 3 жылға дейінгі  жас мамандар, 32 мұғалім. Келесі еңбек өтілі бойынша көп мұғалім саны 11 жылдан 15 жылға дейінгі падагогтар, саны -22. Ал еңбек өтілі   бойынша аз мұғалім 16 жылдан 20 жылға дейінгі педагогтар саны- 6 мұғалім. Мұғалімдердің еңбек өтілі бойынша көп пайызды құрап тұрған 3 жылға дейінгі жас мамандар. Жыл сайын оқушы санының көбеюіне байланысты педагогтар құрамы да жасаруда. Бұл көрсеткіш мектептегі   тәлімгерлік пен әдістемелік жұмыстың күшеюін талап етеді. Жас мамандарға тәлімгерлік тағайындап, әдістемелік көмек көрсету қажеттілігі туындайды.

2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ  ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ  ЖАСТАРЫ   БОЙЫНША ТАЛДАУЫ

жастары

25 жасқа дейін

25 жастан 29 жасқа дейін

30 жастан 34 жасқа дейін

35 жастан 39 жасқа дейін

40 жастан 44 жасқа дейін

45 жастан 49 жасқа дейін

50 жастан 54 жасқа дейін

55 жастан 59 жасқа дейін

59 жастан жоғары

Еңбек өтілі

12

11

27

19

11

13

5

6

1

үлесі

11,4

10,5

25,7

18,1

10,5

12,4

4,8

5,7

0,9



2021-2022 оқу жылындағы педагогтарды жастары бойынша талдауы:

  • 25 жасқа дейін 12 мұғалім, ол барлық педагогтың 11,4 % құрайды;
  • 25 жастан 29 жасқа дейінгі мұғалімдер саны 11, ол мұғалімдердің  10,5% құрайды;
  •  30 жастан 34 жасқа дейінгі мұғалімдер саны 27, ол мұғалімдердің 25,7% құрайды.
  • 35 жастан 39 жасқа дейінгі мұғалімдер саны 19, ол мұғалімдердің % 18,1 құрайды;
  • 40 жастан 44 жасқа дейінгі мұғалімдер саны 11, ол мұғалімдердің 10,50 құрайды;
  • 45 жастан 49 жасқа дейінгі мұғалімдер саны 13, ол мұғалімдердің 12,4% құрайды;
  •  50 жастан 54 жасқа дейінгі мұғалімдер саны 5, ол мұғалімдердің 4,8% құрайды;
  • 55 жастан 59 жасқа дейінгі мұғалімдер саны 6,ол мұғалімдердің 5,7% құрайды;
  •  59 жастан жоғары мұғалім саны 1, ол мұғалімдердің 0,9% құрайды.


   2021-2022 оқу жылында жастары бойынша педагогтардың көп бөлігін  30-34 жас аарлығында мұғалімдер (27 мұғалім) 25,7 % құрайды. Келесі жас 35-39 жас аралығында мұғалімдер (19 мұғалім) 18,1 %  құрайды. Ең аз мұғалім саны 59 жастан жоғары мұғалімдер 0,9 % құрайды. Осы көрсеткіштерге қарап мектеп педагогтары орта жастағы педагогтар, еңбек өтілдері де 10-15 жыл болған мұғалімдер екендігі анық болып тұр. Бұл педагогикадағы еңбек өнімділігін көтеретін, жаңашылдық пен шығармашылық көрсете алатын жас арасы.Зейнеткерлік жасындағы педагогтар жоқ. 

Мектеп мұғалімдерінің соңғы 5 жылда алған жүлделі орындары мен марапаттарының көрсеткіштері

   Оқу жылдары

Алған жүлделі орындары

(Аудандық)

Алған жүлделі орындар (облыстық)

Алғыс хаттары

(аудандық)

Алғыс хаттары

(облыстық)

Алғыс хаттары

(Республикалық)

2017-2018 о.ж.

2

1

5

3

2

2018-2019 о.ж.

3

1

7

5

2

2019-2020 о.ж.

5

1

5

7

4

2020-2021 о.ж.

7

3

5

    6

5

2021-2022 о.ж.










Талдауы:Жыл сайын мектебіміздің ұстаздары аудандық, облыстық, Репсубликалық мұғалімдер арасында өтетін пән олимпиадалары, байқаулар, конкурстар мен шығармашылық байқауларға қатысып жүлделі орындар мен дипломдар иеленеді. 2020-2021 оқу жылы ағылшын тілі мұғалімі Асубаева Г.физика пәні мұғалімі  Бейсебаева Ж.және география пәні мұғалімі Жумагулова Ш.С. аудандық пән мқғалімдері арасында өткен олимпиадада ІІІ орын иеленді. 

    Облыстық зерттеу тобы мүшелері «Үздік автор-2021» атты Республикалық педагогикалық конкурсына қатысып «Үздік зерттеуші ұстаз» дипломымен марапатталды;

   Садиева А.Т-мектеп директоры «Заманауи білім берудегі инновациялар» Республикалық семинардың Құрмет грамотасымен, аудандық және облыстық  «Білім беру ұйымының оқу-тәрбие жоспары» байқауының І орын дипломдарымен марапатталды. Биология пәні мұғалімі Омарова Г.А.- OnLine Mektep платформасы ұйымдастырған   «Үздік ТЖБ» байқауының 100 қаралым сертификатын иеленді. Ағылшын тілі мұғалімі Забирова А.Ж-  IQANAT жобасының жеңімпазын дайындағаны үшін Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хатын иеленді. География пәні мқғалімі Абдулаева Ж.А.- ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Дарын» республикалық   ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хатымен марапатталды.Биология пәні мұғалімі Ермозанова М.К.-Білім және ғылым министрлігінен Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазын дайындағаны үшін Алғыс хатын иеленді. «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» ұйымдастырған VІІ Халықаралық оқушылар мен студенттерге арналған пән олимпиадасына оқушыларды қатыстырғаны және даярлағаны үшін Садиева А., Омарова Г., Тоинбаева А.,Абдельдинова А., Каныбекова А. Бекишева А. Алғыс хаттармен марапатталды және Халықаралық тағылымдама өткендігі туралы куәлік иеленді. Дене шынықтыру пән мұғалімі Қыдырбеков Асхат  «Мұғалімдер арасындағы аудан көлемінде қашықтықтан өткізілген кермеге тартылу жарысынан 1-орын, ұзындыққа секіруден 1-орын алды. Сол сияқты 16-шы желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қашықтықтан мұғалімдер арасында аудандық жарыстан «бір орыннан ұзындыққа секіруден(ерлер арасында) –Қатшыбаев Марлан -1 орын алса, Амиралинов Шалқар денені жерден көтеріп түсіру бойынша 1-орын иеленді. Музыка пәнінің мұғалімі Абзалова Гулнур Бағытқызының оқушылары   9 «А» Аллаберген Аяулым  «Жас Дарын» дарынды балалар орталығы қашықтықтан ұйымдастырған республикалық «Самға Самұрық» байқауында «Көркем сөз» аталмышы бойынша  үздік өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталып, бас жүлдені жеңіп алды. Осы байқауда Нұрланқызы Еңлік «Эстрадалық ән» аталмышы бойынша дипломмен марапатталып ,бас жүлдені жеңіп алды.Көркем еңбек пән мұғалімдері Рахымберлина Эльмира Хабаровнаның оқушысы 8 «Ә» сынып  Тұрсынов  Талғат аудандық «Қолөнер- сырлы өнер» атты қолөнер байқауына қатысып 3-ші орын алып сыйлықпен,мақтау қағазымен марапатталды. Ал «Парктер шеруі-2021» аудандық байқаудан «Сәндік-қолөнер» номинациясы бойынша 9 «Ә» сынып оқушысы Айтжан Венера -1 орын, сурет бойынша 9 «А» сынып оқушысы Амангельді Сымбат -2 орынды және 7 «В» сынып оқушысы Қанағат Іңкәр  суреттен ынталандыру номинациясы бойынша  дипломдармен  және сыйлықтармен марапатталды. Жетекшісі Кутжанова Рысказы Эбелековна  оқушыларды осы байқауға белсене қатыстырғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2018» байқауында Адишева Гульзат ІІ орын иеленді.Аудандық «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі-2018» байқауында Кожагелдинова Назым ІІІ орын иеленді. Садиева Айнагуль Тезекбаевна- «НЗМ» ДББҰ Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік  орталығының Алғыс хатымен марапатталды.Абдулаева Жанна Аукеновна- ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» респ. ғылыми –практикалық орталығының Алғыс хатымен марпатталды.Ермозанова Марал Касымжановна-аудандық,облыстық жас мамандарға арналған «Педагогикалық дебьют-2019» байқауының бас жүлде иегері  және «Сұңқар» Республикалық  конкурсының арнайы Алғыс хатымен марапатталды.Байтенова Дамира Зуфаровна-НЗМ ұйымдастырған аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияда 3 дәрежелі диплом иеленді.Баяхметова Динара Смагуловна-мұғалімдер арасында аудандық пән олимпиадасында ІІ орын алды.Амиргалиева Жаннур Болатовна-мұғалімдер арасында аудандық пән олимпиадасында ІІІ орын алды.Абзалова Гульнур «Жас Дарын» Республикалық «Самға самұрық» байқауының Алғыс хатымен марапатталды

ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ  КУРСТАРЫ БОЙЫНША САЛЫСТЫРМАЛЫ КӨРСЕТІКІШІ

Оқу жылдары

жаңартылған білім беру мазмұны курсы бағдарламасына 

пәндік білім беру курсы

кәсіби құзыреттілік курсы

инкюзивті білім беру курсы

білім беру стандартының орындалуы курсы

Бағалау тапсырмаларын құру курсы

Оқушылардың функционалық сауаттылығын арттыру курсы

2017-2018 о.ж.

35

25

5

3

17


2

2018-2019 о.ж.

17

10

2

2

22

6

7

2019-2020 о.ж.

10

27

7

13

6

10

5

2020-2021 о.ж.

6

15

9

7

5

5

2

2021-2022 о.ж.

5

10

2

1

2

2

1



 ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ ДЕҢГЕЙЛІК КУРС БОЙЫНША ТАЛДАУЫ

Деңгейлік курс меңгерген мұғалімдер туралы мәлімет

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екенін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» [1 деңгей, мұғалімге арналған нұсқаулық].   Кембридж бағдарламасын игерген мұғалімдердің негізгі функциясы –оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерінде дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылады. 

1.Мектеп директоры А.Т.Садиева 03 ақпан мен 05 желтоқсан 2014 ж. аралығында  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 640 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтап, сертификат иеленді.Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша өткізілген курста жоғары нәтижелер көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.  

2. География пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Ж.А.Абдулаева 10 тамыз -16 қазан 2015ж. аралығында Қазақстан Республикасының   педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын Талдықорған қаласындағы ПШО-да  оқып, сертификат иеленді.

3.Физика пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Д.З.Байтенова 26 қаңтар -03 мамыр 2015ж. аралығында Қазақстан Республикасының   педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын Талдықорған қаласында ПШО-да оқып, сертификат иеленді.

4.Бастауыш сыныптың педагог-зерттеуші мұғалімі   Қ.М.Айдарханова 02 қыркүйек-30 қараша 2014ж. аралығында Қазақстан Республикасының   педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, сертификат иеленді.2014 жылы  Алматы қаласындағы «Өрлеу»БАҰО АҚ  «ҚР (ІІ (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру барысында көрсеткен құзыреттілігі мен жоғары кәсіби білімі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. «Үш қиян» баспасының жанынан шығатын «Ұстаздардың жаңа көзқарастағы ой-толғамдары» жинағына ұсынған озық іс-тәжірибесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

5.Тарих пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі А.А.Тоинбаева 20.02.-22.05. 2014 жылы    Қазақстан Республикасының  педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, сертификат иеленді.

6.География пәнінің педагог-модератор мұғалімі Б.Е.Баймуханова 20.02.-22.05.  2014 жылы    Қазақстан Республикасының  педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, сертификат иеленді.(декреттік демалыста)

7.Информатика пәнінің педагог-сарапшы мұғалімі С.А.Сулейменова 11 наурыз-31 мамыр 2013 жылы   Қазақстан Республикасының  педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, сертификат иеленді.

8.Бастауыш сыныптың  педагог-сарапшы мұғалімі А.Е.Атымтаева 11 наурыз-31 мамыр 2013 жылы   Қазақстан Республикасының   педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, сертификат иеленді.

9.Орыс тілі мен әдебиеті  пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Г.К.Садыкова наурыз-31 мамыр 2017 жылы   Қазақстан Республикасының   педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, сертификат иеленді.

Мұғалімнің аты-жөні

пәні

қызметі

санаты

деңгейі

өткен уақыты

өткен оқу жылы

1

Садиева А.Т.

қазақ т. мен әдебиеті

директор

Педагог-зерттеуші

мектеп басшысы

03.02-05.12

2014-2015

2

Абдулаева Ж.А.

география

Оқу ісінің орын.

Педагог-зерттеуші

І (ілгері)

10.08-16.10

2015-2016

3.

Байтенова Д.З.

физика

Оқу ісінің орын.

Педагог-зерттеуші

І (ілгері)

26.01-03.05

2014-2015

4.

Айдарханова Қ.М.

бастауыш сынып 

ДТІЖО

Педагог-зерттеуші

ІІ (негізгі)

02.09-30.11

2014-2015

5.

Тоинбаева А.А.

тарих 

мұғалім

Педагог-зерттеуші

ІІІ (базалық)

20.02.-22.05.

2013-2014

6.

Баймуханова Б.Е.

география

пед-ұйым.

Педагог-модератор

ІІІ (базалық)

20.02-22.05

2013-2014

7.

Сулейменова С.А.

информатика

мұғалім

Педагог-сарапшы

ІІІ (базалық)

11.03-31.05

2012-2013

8.

Атымтаева А.Е.

бастауыш сынып

мұғалім

Педагог-сарапшы

ІІІ (базалық)

11.03-31.05

2012-2013

9.

Садыкова Г.К.

Орыс тілі

мұғалім

Педагог-зерттеуші

ІІІ (базалық)

11.03-31.05

2016-2017