08
октябрь
2024
2”Б” сынып оқушыларымен рәміздер күніне орай “Қазақ елім-Отаным!” атты ашық тәрбие сағаты
Мемлекеттік рәміздер - Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Осыған орай мектебімізде " Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышым" айлық іс-шара жоспары негізінде 2”Б” сынып оқушыларымен рәміздер күніне орай “Қазақ елім-Отаным!” атты ашық тәрбие сағаты өтті. Оқушыларға патриоттық сезімді ұялату мақсатында танымдық сабақта рәміздердің шығу тарихы, маңызы мен мәні түсіндірілді.