19
сентябрь
2024
👨👩👧👦"ОТБАСЫ-БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ"
"ОТБАСЫ-БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ"
Мектебімізде 13 қыркүйек күні "Біртұтас тәрбие" жоспарына сәйкес және Отбасы күніне орай "Отбасы—басты құндылық" тақырыбында 5 "Б" сыныбының сынып жетекшісі Э.Х.Рахымберлина ата-аналармен құндылық сағаты өткізілді.
Құндылық сағатының мақсаты ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету, отбасы құндылықтарын дәріптеу, кеңес беру және баламен қарым-қатынасын нығайту.
Шара барысында тренингтер ұйымдастырылып, ата-аналар белсене қатысып, пікір алмасты.
Отбасы жағдайындағы түрлі жағдаяттар,
Отбасындағы бала тәрбиесі,
Отбасының тұрақтылығына әлеуметтік жағдайдың әсері т. б мәселелер ортаға тасталып, талқыланды.
Шара соңында қатысушы ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп,ерекше көңіл күйде тарқасты.