20
ноябрь
2023
🔰ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ🔰
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
Жылдық жоспарға сәйкес 5-11 сыныптардың кыздарымен "Үлгілі үйдің қыздары" тақырыбында кыздар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты:қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл,жүріс -тұрыс дағдысы,қыз намысы, сымбат туралы жан -жақты мағұлмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік , әдептілік, әдемілік, сыпайылық, тазалық жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Қатысушылар 5 топқа бөлінді.Топтарға талқылануға тақырыптар берілді.
1. Форма сақтауға не кедергі?
2. Мектеп оқушысы қандай болуы қажет?
3. Кыздар арасында бөліну дұрыспа?
4. Жеке бас гигиенасы туралы не айтамыз?
5. Сабақ уақытында әшекей бұйымдар тағуға бола ма?
Берілген тақырыптар бойынша әр топ өз ойларын ортаға салып талқылады.
Жиналыстың қорытындысы қатысқан әкімшілік мүшелері тарапынан,
мектептің ішкі тәртібі, мектеп формасы, қыздардың тәртібіне қатысты көптеген ақпараттар берді, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Қортындысында қыздар бір-біріне жылы сөздерін білдіріп, "ЕРКІН МИКРОФОН" әдісі арқылы кері байланыс жасалды.
9"В" сынып оқушылары
Сынып жетекшісі: Сулейменова С.А