Білім күні » Достық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Достық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 33-13-44
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2023

Білім күні

"МЕКТЕБІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ"
 1-қыркүйек Білім күні мерекесіне орай 
2023-2024 оқу жылына арналған "Мектебім-мейірім мекені"атты салтанатты жиыны болып өтті.
 Салтанатты жиынды мектеп директоры 
Г.Р. Куатова  ашып, іс-шара мазмұнының маңыздылығына тоқталып, қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.Сонымен қатар салтанатты жиынға
Достық ауылдық округінің әкімі – Енсебаев Ермек Сейфіл-Мәлікұлы, Достық станциясының басшысының орынбасары – Какимов Олжас Базарханұлы ұстаздар мен ата-аналарды, оқушыларды мерекелерімен құттықтай отырып, толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді.
 Мерекелік жиын мектеп оқушыларының  бағдарламасымен жалғасын тауып, жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды. Жиын соңы барлық сыныптарда "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбындағы тәрбие сағаттарымен жалғасын тапты.